Ұлттық теңге – мақтанышым
Алтын дала ауылдық кітапханасында 15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы -Теңге күніне орай «Ұлттық теңге – мақтанышым » атты тарихи керуен өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы теңгенің шығу тарихымен таныстырып, оқушылар туған елі, ұлттық валютамыз туралы тақпақтар оқыды. Сонымен қатар балалар викторинаға қатысып, теңгені жасаушы дизайнер, теңгенің алғашқы нұсқасы қай елде шыққаны жайлы, еліміздің тәуелсіздігіне неше жыл толғаны туралы сұрақтарға жауап іздеп, белсенділік танытты. Ойын барысында жеңген топқа тәттілер үлестірілді. Соңынан оқушылар «Ұлттық теңге -мақтанышым» атты кітап көрмесімен танысып, бейне- фильм көрді.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта.Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Кеңес Одағы ыдырап, әр республика өзінің тәуелсіздігін жариялаған соң, тәуелсіз елдер бірінен соң бірі ұлттық валютасын бекітіп, айналымға енгізе бастады. Аталған тарихи оқиғадан Қазақстан да қалыс қалмады. Осылайша, 1993 жылдың 12 қарашасында елімізде ұлттық валюта туралы жарлыққа қол қойылды. 15 қарашадан бастап, ҚР аумағында теңге айналымға енгізіліп, ұлттық ақша ретінде пайдаланыла бастады.
Теңгеміздің мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар Абай ауылдық кітапханасында да өтті. «Ұлттық валюта – тәуелсіздіктің символы» – интеллектуалды ойыны балалардың қызығушылығын арттырды.
Оқушылар мақалдар сайысында «тиыннан теңге құралады» мәтелінің мағынасын түсіндіріп, ойларын ортаға салды.
Айткүл КУДЕСОВА,
Алтын дала ауылының
кітапханашысы;
Роза АНСАБАЕВА,
Абай ауылдық кітапханасы
Добавить комментарий