Ұлттық құрылтай – ел болашағын айқындайтын алаң

Ұлттық құрылтай – ел болашағын айқындайтын алаң

Қасиетті Көкше жерінде өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында қоғамдағы ең өзекті мәселелер талқыға түсіп, елдің келешек дамуы мен өркендеуіне бағыт-бағдар беретін тың ұсыныстар ортаға салынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар қоғам белсенділері тарапынан көтерілген қоғамдық әдеп мәселесін қозғап, әлеуметтік желіде адамға тіл тигізу, ар-намысын аяққа таптау көбейіп кеткенін, жалған мәлімет таратушылар да бар екенін сынға алды. Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи еліміздегі діни ахуалға алаңдаушылық білдіріп жүргенін тілге тиек етті.

«Құрылтай мүшелері Дания Қыдыр­баева және Олжас Сүлеймен жат діни ағым­дар­дың жастар арасында, әсіресе спорт сала­­сында ықпалы күшейіп бара жатқанын айт­ты. Теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идео­логияларға тосқауыл қою қажет екені­не еш күмән жоқ. Елімізде дін бостан­ды­ғы­на кепілдік берілген. Бірақ жүген­сіз­дікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмай­ды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлт­ты ұйыс­тыру. Діни ұйымдардың қызметін рет­тей­тін құ­жаттар осы талапқа сай болуға тиіс. Бұл мәсе­лені жан-жақты қарау керек. Соның ішін­де заң­наманы жаңа жағдайға бейімдеп оты­ру өте маңызды», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің бұл көтерген мәселесі қоғамда қызу талқылануда. Дін – рухани құндылықтардың негізі болғанымен, оны қоғамда алауыздық тудыру құралы ретінде пайдалануға болмайды деген ойымен толық келісемін. Қазақстан – зайырлы мемлекет, яғни дін мен мемлекеттің қызметі бөлек. Дін – әр адамның жеке таңдауы, сондықтан дінді дұрыс түсіну үшін сапалы діни білім қажет.Теріс ағымдардың ықпалынан сақтану үшін жастарға дұрыс діни сауат беру маңызды.

 

Жұмагүл Иргасымова,
Қостанай аудандық мәслихатының депутаты

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!