“Елдіктің жеті тұғыры”
Жақында «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Отырыста Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығымен таныстырды.
«Елдіктің жеті тұғыры» – бұл Елбасының саяси тәжірибесінің саяси-философиялық тұрғыдан ұғыну және қорытуы. Онда әлемдік озық тәжірибе мен халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени дәстүрлері ескерілген.
Бұл Тәуелсіздіктің мызғымас құндылықтарын көрсететін іргелі құжат. Елбасының жас қазақстандықтардың қамын ойлауы – әрдайым болашақты ойлаудың көрінісі. Жалпы адам капиталына, жас буынға жұмсалған игіліктердің барлығы – ел болашағына салынған инвестициялар екенін біледі.
Ұлт көшбасшысы егемен Қазақстанның болашақ ұрпақтарына қуатты көшбасшылықтың қағидаттар жиынтығын ұсынды. «Жеті тұғыр» – бұл әрбір қазақстандықтың ұлттық бірегейлік пен мәдениетті сақтаудағы даму бағыты.
Бахыт ЖАКЕНОВА,
Қостанай аудандық маслихатының депутаты,
“Нұр Отан” партиясының мүшесі
Добавить комментарий