Қарттар – ауылымыздың асыл қазынасы

Қарттар – ауылымыздың асыл қазынасы

«Қарттары бар ел – қазыналы ел» демекші, үлкендеріміздің  орны қашанда ерекше. Олар – халқымыздың тарихын бүгінге жеткізуші, болашаққа жол көрсетуші асыл қазынамыз.

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ауылдық  клубта мерекелік шара ұйымдастырылды. Ақ дастархан жайылып, ауыл ақсақалдары мен аналарымызға ерекше құрмет көрсетілді. Сонымен қатар ауыл өнерпаздары әсем әндер шырқап, күмбірлеген күйден шашу шашты. Оқушылар жүрек жарды өлеңдерін оқып, үлкендердің ыстық ықыласына бөленді.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын демекші»  Айсары ауылдық округінің әкімі Нұрғазин Бауыржан Ерденұлы құттықтау сөз сөйлеп, қарттарға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі. Сонымен қатар, жыл сайын дәстүрге айналған бұл мерекелік ақ дастарханды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөліп, қарттарымызға құрметтің үзілмей жалғасуына үлес қосып келеді.

Мерекелік дастархан басында қарттарымыз естеліктерімен бөлісіп, ауылдың ынтымағы мен бірлігі жайлы ой-пікірлігін айтты.Жастарға өмірлік тәлім-тәрбие беретін ақыл кеңестері айтылып, баталарын берді.

Қарттар – өткеніміздің шежіресі, бүгініміздің тірегі, болашағымыздың бағдаршамы. Олар – ауылымыздың қазынасы. Осындай мерекелік кездесулер қарттарымызға деген құрметтің айғағы болып, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың жалғаса беруіне жол ашады.

Гүлмира ӘЛЖАНОВА,
Қостомар ауылдық клубының
мәдениет ұйымдастырушысы    

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!