Ақпарат саласының үздігі!
Бүгін, БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттады.
“ARNAnews” аймақтық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Иргасымова Жұмагүл Маратқызы
ақпарат кеңістігіндегі жемісті еңбегі үшін «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды!
Облыс әкімі журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, БАҚ-тың қоғамдағы айрықша рөліне тоқталып өтті.
«БАҚ – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Журналистердің адал еңбегі мен белсенді азаматтық ұстанымы еліміздің даму жолында аса маңызды рөл атқарады», – деді облыс басшысы.
Добавить комментарий