Қостанай ауданының әкімі аға буын өкілдерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

Қостанай ауданының әкімі аға буын өкілдерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

Құрметті аға буын өкілдері, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер!

Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке тек жасқа деген құрмет емес. Бұл біздің сүйікті ата- әжелерімізге, еңбек ардагерлеріне, тәлімгерлерге көпшіліктің назарын аударуға бағытталған күн. Алғыспен, құрметпен біз сіздердің еңбектеріңіз   бен жетістіктеріңіз туралы айтамыз. Сіздердің күнделікті жас ұрпаққа үйрететін тәжірибелеріңіз бен  даналықтарыңыз баға жетпес сыйлық. Өз ісімізде қателіктер жібермеу үшін біз сіздердің кеңестеріңізді тыңдауымыз қажет.

Бұл күнді біз – өз өмірлерін туған өлкеге арнаған, осында ұзақ жылдар өмір сүрген және жұмыс істеген, тарихымызды жасаған адамдарға арнаймыз.

Бүгінде Қостанай ауданында 11 191 зейнеткер тұрады, оның ішінде  туған өлкеміздің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан 198 тыл еңбеккері бар.

Зейнеткерлер мен ардагерлерді жан-жақты қолдау, үлкендерге көңіл бөлу және оларға қамқорлық жасау мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатының маңызды бағыты. Елімізде қарттарды әлеуметтік қолдау шараларының кешені жүзеге асырылуда. Зейнетақымен қамсыздандырудың тиімділігі артып келеді, аға буын өкілдерін қоғамдық өмірге тарту бойынша бағдарламалар жұмыс істейді.

Сіздердің көпшілігіңіз зейнеткерлікке шыққаннан кейін ардагерлер ұйымдарының құрамында белсенді қоғамдық қызмет жүргізуді жалғастырудасыздар, қоғамдық маңызы бар жобаларды, мәдени және спорттық іс-шараларды іске асыруға қатысып келесіздер. Сіздер патриотизмнің, адалдықтың, үлкен шыдамдылық пен оптимизмнің үлгісі болып қала бересіздер.

Біздің ауданымыздың табысты дамуы үшін сіздердің бай өмірлік тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз.

Сіздердің өлкеміздің келешегі үшін тынбай жасаған еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымызды қабыл алыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық, сергектік, жан тыныштығын, сіздерге жақын адамдарыңыздың жылуы мен сүйіспеншілігін тілеймін!

Берік Таңжарықов, Қостанай ауданының әкімі  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!