1 наурызда Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады
1 наурызда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады. Өңірлік кадр резервінің басты мақсаты – әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыру, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
Мемлекет басшысы атап өткендей, «Бізге түрлі салаларда, жауапкершіліктен қорықпайтын, ерекше әрі тиімді шешімдер қабылдай алатын жаңа формациядағы басқару тобы қажет. Дәл осындай адамдар ел қалауындағы нәтижеге қол жеткізуге қабілетті».
Іріктеуге қатысу резервшілерге жергілікті жерлерде жаңаша өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Іріктеуге жоғары білімі және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, 35 жастан аспаған еліміздің азаматтары қатыса алады.
Әрбір өңірлік резерв бойынша нақты салалық бағыттар мен резервшілердің саны өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтары ескеріле отырып, өңірлік кадр комиссияларымен айқындалатын болады.
Қатысуға өтінімдерді қабылдау биыл 1-31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында жүргізіледі.
Добавить комментарий