Қостанай ауданында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Қостанай ауданында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Қостанай ауданының әкімі Нұрғалиев Олжас Жомартұлының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Қостанай ауданындағы медициналық көмектің жай-күйі туралы» мәселе қаралды.

Баяндаманы Қостанай аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ержанов Нұрлан Асығатұлы жасады.

Бүгінде Қостанай аудандық ауруханасында 691 қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде:
-84 дәрігер;
-250 орта буын медицина қызметкері;
-120 кіші медицина қызметкері;
-149 өзге қызметкер.

Ауданда дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда – 16,6, ал орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу деңгейі 49,5-ті құрайды.

Медицина саласын білікті мамандармен толықтыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 2025 жылы аудандық ауруханаға 10 жас маман келді. Оның ішінде 1 дәрігер және 9 орта буын медицина қызметкері бар.

Ал 2026 жылдың III тоқсанында ауданға 13 дәрігердің келуі жоспарланған. Олардың қатарында 6 жалпы практика дәрігері, педиатр, оториноларинголог, нефролог, ересектер онкологы, акушер-гинеколог, хирург және фармацевт бар. Сонымен бірге 11 орта буын медицина қызметкері қызметке орналасады деп күтілуде.

Қазіргі таңда Қостанай аудандық ауруханасына 50 487 тұрғын тіркелген. Оның ішінде 36 538-і – ересектер, 11 739-ы – 0–14 жас аралығындағы балалар, 2 210-ы – жасөспірімдер. Еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар саны 27 830 адамды құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!