Қостанай ауданының әкімі мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
Құрметті жерлестер!
Барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Қасиетті Рамазан айы исламның ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерін айшықтап, оның ең басты рухани құндылықтары – мейірімділік, жомарттық және қайырымдылықты дәріптейді. Бұл айда әлем мұсылмандары жүректерін жаман ойлар мен жағымсыз сезімдерден тазартуға ұмтылады.
Біздің халқымыз өз ісімен исламның бейбітшілік пен төзімділік, жасампаздық пен келісім діні екенін әрдайым дәлелдеп келеді. Елімізде Рамазан айы тек мұсылмандарды ғана емес, барлық қазақстандықтарды біріктіретін қасиетті кезең.
Қазақстанда мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара қарым-қатынастың тұрақтылыққа, бейбітшілікке және қоғамдық келісімге негізделген бірегей үлгісі қалыптасты. Соның нәтижесінде тәуелсіздік жылдары ішінде біз өркендеген, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет құра алдық.
Бүкіл әлем Қазақстанның өсіп келе жатқан әлеуетін көріп, оның халықаралық қауымдастықтағы маңызды әрі жауапты рөлін мойындайды. Сондықтан да еліміз әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізетін беделді алаңға айналды.
Бүгінде әрқайсымыз өз діни, тарихи және мәдени құндылықтарымызды құрметтеуге мүмкіндік алдық. Ортақ міндетіміз – осы бірлікті сақтау және еліміздегі тұрақтылықты нығайту.
Әр шаңыраққа бақ-береке, әр отбасына амандық тілеймін! Көңілдеріңізге қуаныш, ізгі істер, молшылық пен өздеріңізге және жақындарыңызға мықты денсаулық тілеймін!
Олжас Нұргалиев,
Қостанай ауданының әкімі













Добавить комментарий