«Рухани мұраны сақтай отырып» : Маңдай батыр кесенесінің құрылысын қолдауға шақыру
Құрметті бауырлар, жерлестер!
Қазақ кашаннан құдіретті күшке сыйынып киелі орын, аруақты баба, әулиелер есімін қастерлеп тәу еткен, тіршілігінде пір тұтқан. Ұрпағына олар жайлы ұлағат сөз қалдырып отырған. Осылайша,бүгінде қөнеден тамыр тартқан киелі тарихымызда көрнекті тұлға Маңдай батыр елеулі орын алып, «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясында бабамыздың жерленген жері – бейіті Қостанай өңірінің киелі нысандары қатарына белгіленді.
Осыған орай, қaзipгe Тобыл-Торғай, Қарабалык аймағының жері мен елін қорғап сақтап, ұрпаққа – бізге мұра етіп қалдырған Маңдай батыр бабамыздың аруағына кұрмет көрсету, рухын жаңғырту мақсатымен, осы киелі орынға тарихи-мәдени ескерткіш ретінде батырға лайықты кесене тұрғызуды міндетімізге алып отырмыз. Ep ерлігі – елге мұра, батырлар – киелі тарихымыз. Келешек жаңа ұрпаққа үлгі, өнеге болсын деген ниетпен, ұлтымыздың рухани құндылықтарын қастерлеп, дәріптейтін абзал азаматтардан өтінеріміз, осы ғибрат, сауап алатын iгi іс-шараға қолдау білдірсеңіздер:
ОФ МАҢДАЙ БАТЫР
AO Hapoдный Банк Казахстана
БИН 210440021357
счет: ИИК KZ086010221000501821
ИК: HSBKKZKX
Намысты халқымыздың рақымшыл қасиеті жүректен табылып, ынтымақты ел болып рухани мұрамыз Маңдай батыр кесенесін жұмыла көтеріп жаңғыртсак нұр үстіне нұр болар еді ағайын!
Бастамашы топ: Жақсылық Жүнісұлы,
Даниярбек Нұрғалиұлы, Темірғали Әулеті













Добавить комментарий