Президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеу
Бұған дейін үш іріктеу жүргізілген болатын. Нәтижесінде Резервке 400 адам қабылданып, олардың 318-і мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға жұмысқа орналасқан.
– Кандидаттарға қойылатын жалпы талаптар бұрынғыдай сақталады: жасы 35-тен аспауы, жоғары білімі болуы, кемінде бес жыл еңбек өтілі және қазақ тілін В1 деңгейінен төмен емес меңгеруі қажет, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан САЛЫҚБАЕВ.
Іріктеу Президент Жарлығымен бекітілген Ережеге сәйкес 6 кезеңнен тұрады және маусым–қазан айлары аралығында өтеді.
Добавить комментарий