Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қостанай облысының тұрғындарымен кездеседі

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қостанай облысының тұрғындарымен кездеседі

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 25 желтоқсан сағат 14:00- де Қостанай қаласының Е. Өмірзақов атындағы (Жастар Сарайы) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды және сағат 14.30-да Қостанай облыстық филармониясында Қостанай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Мекен-жай: Е. Өмірзақов атындағы (Жастар Сарайы) (ш / а. Мерейтой, 56).
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8 (702) 762-56-48 (жұмыс уақыты) телефоны арқылы қабылданады.

Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сауал жолдауға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!