Үздіктер қатарында
Қостанай облысы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 2022 жылдың «Үздік спортшысы», «Үздік жаттықтырушысы» және Қостанай облысының спортын дамытқан үлесі үшін номинациялары бойынша жыл қорытындысын жасады.
Жыл бойы тер төккен спортшылардың еңбегі бағаланып, оларға құрмет көрсетіліп марапаттау рәсімі Қостанай облысында дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. 24 ақпан күні жыл қорытындысы бойынша Қостанай ауданы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Мылтыкбай Абдуайтовты Қостанай облысының спортын дамытқан үлесі үшін және «Үздік спортшы» номинациясы бойынша Қостанай ауданы құрама командасының спортшысы Талғат Жиентаевты Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мухамедкалиев марапаттады. Қостанай ауданы спортшыларының алда алар асулары көп болсын, жетістіктерімен құттықтаймыз!
Добавить комментарий