Автокөліктегі өрт қауіпсіздіктігі

Автокөліктегі өрт қауіпсіздіктігі

Жылдамдықты ұлғайту және көлік ағынының қозғалыс қарқындылығы жол-көлік апатының туындауына, едәуір материалдық шығын және адам өліміне әкеп соқтырады. Автокөліктердің пайдалану тиімділігін арттыру оның қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Автокөліктерді пайдаланудағы қауіпсіздікті арттырудың ең маңызды элементтерінің бірі – оның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Автокөліктерде болған өрттердің салдары ауыр апаттарға, адам өлімімен техникалардың істен шығуына әкеліп соғады.

Көліктегі өрт байқаусызда басталуымен қауіпті және бұл туралы өрт пен түтін иісі сезілген кезде белгілі болады. Өрттің машина ішінде таралуының көптеген себептері бар.

Ал бүгінгі таңда автокөліктерде өрт қауіпсіздігі , өрт қауіпсіздік ережелері сақталмай отыр. Көлік құралдарындағы өрт кенеттен қозғалыс кезінде немесе тұрақ кезінде, қозғалытқышты іске қосу кезінде пайда болуы мүмкін. Өрттің тұтанып басталуы бірнеше секунд ішінде орын алады. Егер көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыратын болса көліктегі өрттердің пайда болуына алдын алуға және азайтуға болады.

ТЖ саласының мамандары автокөлікте өрт пайда болған жағдайда не істеу керек екеніне назар аудартып, көлік иелеріне арналған мынадай сақтық ережелерін ұсынады.

Құрметті автокөлік иелері:

-Автокөліктерінізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;

-Үнемі оның дұрыс екенін қадағалаңыз, әсіресе электрсымдарға баса назар аударыңыз;

-Өзіңізбен бірге әрқашанда өрт сөндіргіш құрал болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз;

-Практика көрсеткіші бойынша өрт сөндіру кезінде автокөлігіңізге көмір қышқылды өрт сөндіргіш пайдаланған тиімді.

Егер сіздің автокөлігінізде өрт пайда болған жағдайда:

-cол заматта көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, капотқа жақындатып шашыңыз;

-Практика жүзінде 90% «тілсіз жау» электро тізбектердің бұзылуынан болады.

-Егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз.

-Жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жаппасаныз, өрт шарықтап кетуі мүмкін.

-Жанармай төгілген жағдайда, лапылдап жанып кетпес үшін оны су мен көбік немесе топырақ, көбік сеуіп тастау керек

Өрт оқиғасы болған жағдайда, жүргізуші тез арада автокөлікті тоқтатып, қоғалтқышты өшіріп, аккумулятордың клемасын ажыратып, жолаушыларды қауіпсіз жерге көшірген соң, телефон арқылы 101 немесе 112 нөміріне хабарлап сол арада өрттің алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіру шаралар қолдану керек. Өр қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау – әркімнің міндеті мен борышы.

Қостанай аудаңы ТЖБ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!