«Ауғанстан-мәңгілік жан жарасы»

«Ауғанстан-мәңгілік жан жарасы»

Н.Наушабаев атындағы мектеп гимназиясында Қостанай аудандық орталық кітапханасының және мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Ауған соғысының 33- жылдығына орай «Ауғанстан-мәңгілік жан жарасы» атты Ауған соғысы ардагерлері-Қожахметов Темірбек Абдығалымұлы,Оспанов Мұрат Қазбекұлы және Пряхин Вячеслав Алексеевичпен кездесу кеші өтті.Кешті аудандық кітапхана қызметкері Олжағұлов Ерлан Бектепбергенұлы жүргізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс-шараға атаулы мектеп-гимназияның 10- сынып оқушылары және ұстаздар қатысты.

«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария.Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен оттың астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.
Іс-шара барысында Ауған соғысы туралы тарихи видеоматериал көпшілік назарына ұсынылды.

Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген ағаларымыздың айтары да,бізге берер тәлімі де мол.

Шараға қатысқан қонақтарымыз ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды.

«Алтын дән » мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер шырқап,оқушылар мен майдангер ағаларымызды қуанышқа бөледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!