Айтылмайтын ауру, мал індеті Ресейден Қостанай облысына жетуі мүмкін бе?
Соңғы бірнеше ай бойы интернет кеңістігінде Ресей Федерациясы аумағындағы, әсіресе Сібір мен Еділ бойы өңірлеріндегі жануарлар аурулары кеңінен талқыланып жатыр. Ресми деректерге сәйкес, тез таралатын «ауруға» байланысты мал жаппай тәркіленіп, жойылуда. Бұл жағдай Қазақстанмен шектесетін аймақтарда да тіркелген. Осы тұста бірқатар маңызды сұрақтар туындайды, Қостанай облысының аудандарында бұл індеттің таралу қаупі бар ма? Егер қауіп төнсе, оған қарсы іс-қимыл жоспары дайын ба? КӨРШІЛЕРДЕ 2026 жылдың басынан бері Новосибирск облысы мен Ресейдің өзге де өңірлерінде мыңдаған бас мал иелерінен алынып, жойылған. Қазіргі таңда [...]












