«Өнеріміз саған, Қазақстан!» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды
Костанай ауданы XXXVII облыстық «Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқау-фестивалінің қорытындысы бойынша өңіріміздің аудандары арасында екінші орын алып, 2 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттың иегері атанды Ұлт руханиятының сақшысына айналған, халыққа адал қызмет етіп жүрген мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қостанай қаласында салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов арнайы қатысып, мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады.Мереке қарсаңында бірқатар өнер майталмандарына мемлекеттік наградалар табысталды: -«Парасат» ордені – Қоныспек Бегайдаров пен Антонина Тимофееваға; -«Құрмет» ордені – Александр Евсюковқа; -«Ерен [...]