Азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі
Аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек баршаға белгілі. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсетіледі. АӘК отбасына оны өмірлік қиын жағдайдан шығару үшін кешенді қолдау көрсетуді көздейді. Біріншіден, бұл 2 түрге жіктелген ақшалай төлем: шартсыз және шартты ақшалай көмек. Еңбекке қабілетсіз азаматтары бар отбасыларға шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі және олар үшін жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді. Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі жұмысқа [...]