Daily Archives - 24.09.2023

Еңбегімен Ер атанды

Бүгін елімізде Еңбек күнін атап өтуде, құтты болсын! Қарап отырсаң, әр адам өзінің еңбек жолын жүріп өтеді, қиындығын көреді, мойымай  өз ісінің шебері болып шығады. Таңдаған мамандығы бойынша тек бір мекемеде еңбек жолын өткізген азаматтарды да кездестіріп жатамыз. «Еңбек түбі береке» демекші, балаларды жастайынан еңбекке баулу, таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуға үйрету өте маңызды. Ал бұл отбасылық тәрбие. Біз отбасында алты бала болдық. Кішкентайымыздан әркім өзіне тиесілі үй шаруасын орындайтын. Әкем жұмыстан келгенше анашым үйдегі барлық шаруаны дөңгелендіріп отыратын, біздің әрқайсымызға [...]