Аким Костанайского района Жансултан Таукенов поздравил прекрасную половину человечества с Международным женским днем!
Ардақты аналар, қадірлі қыз-келіншектер! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Айтулы мереке күні отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын аяулы ана, сүйікті жар, апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Еліміздің толағай табыстары мен Қостанай ауданының қол жеткізген жетістіктерінің барлығында бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдер қауымының өз қолтаңбасы бар. Оны біз мақтан тұтамыз! Мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінде парасаты мен пайымын, біліктілігін, танымы мен талғамын аямаған Қостанай өңірінің нәзік жандылары [...]