Выборы-2023: предвыборная программа
№1 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША ҚОСТАНАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫҒЫНА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНАН КАНДИДАТ ИРГАСЫМОВА ЖҰМАГҮЛ МАРАТҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ Құрметті Тобыл қаласының тұрғындары! Мен, Иргасымова Жұмагүл Маратқызы, 1976 жылы 5 наурызда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Шилі ауылында дүниеге келдім. 1997 жылдан бері Қостанай ауданының орталығында тұрамын, ауданның тұрмыс-тіршілігімен, әлеуметтік-экономикалық жағдайымен етене таныспын. 2001 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тамамдап, 20 жылдан астам уақыт «Арна» әлеуметтік қоғамдық саяси газетінің бас редакторы қызметін атқарып келемін. 2007 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесімін. [...]