Жаңа ғасыр ғажабындай

Жаңа ғасыр ғажабындай

Нұржан Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясында «Жұлдызды қала – Астана» тақырыбымен аудандық акция өтті.

Жас ұрпақ туған жерінің тарихын біліп, Отанын көркейтіп, қадірлей білуі керек. Акцияны ұйымдастырудағы басты ұстаным осы болатын. Акцияға Совхоз орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары қонаққа шақырылып, «Астананың 20 жылдық символы» осы аталған оқу ошағына тапсырылды.

11 маусымда басталған акция аудандағы барлық орта білім ордасында жалғасын тапты. Нұржан ата атындағы мектепте іс-шара концерт түрінде өткізді. Мектебіміздің әнші қыздарынан құрылған «Ай-Жұлдыз» тобы «Ас- тана» әнін нақышына келтіре орындады. «Салтанат» үйірмесі оқушылары би билесе, «Алпамыс» тобы лагерінің оқушылары Астана туралы өлеңдер оқыды. Елорда тақырыбына арналған өлең шы- ғарып, ән мен жырға қосты. Сондай-ақ, оқушылар Астана туралы бейнежазбадан бас шаһардың бүгіні мен болашағы жайында мағлұмат алды.

Мектеп ішінде «Астана – бас қала», «Қостанай – сүйікті қала» тақырыбымен көрме ұйымдастырылған болатын. Оған да оқушылар белсене атсалысып, бас қаладағы Ақорда, Бәйтерек, Хан шатыр, Бейбітшілік және келісім сарайы сияқты белгілі ғимарат- тардың сұлбасын жасап, көрмені толықтыра түсті.

Бүгінгі Астана – болашақтың қаласы, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Шыңдары көк тіреген асқақ Алатау баурайынан Ұлы даланың кіндігіне көшіріліп, ерке Есілдің жағасында бой түзеген әсем шаһар – жаңа ғасыр ғажабынан жаралған жас қала. Мектептің кең дәлізінен орын алған көрме осындай ұғымдарды паш етіп тұрғандай.

Күлпара РАХМЕТОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!