«Қара нанның дәмінен» үлкен саясатқа дейін

0
16

назарбаев-2799386Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік алған жылдардан бері жарыққа шыққан кітаптары жиырмадан асады. Мемлекет басшысы сол еңбектері арқылы ой-толғамдарымен бөлісіп, әрдәйім халқымен сырласып отырды, елді дамытудың дұрыс жолын түсіндірді.

Халқымен сырласуы

1991 жылы «Әділеттің ақ жолы» атты кітабы жүз мың данамен шығарылды. Бұл жинақта автордың естелік очерктері мен Тәуелсіздік қарсаңындағы саяси-экономикалық өзгерістер туралы пікірлері топтастырылған. Елбасы тоқсаныншы жылдардағы қысылтаяң шақта нарықтық экономикаға көшу туралы ойын да бүкпесіз айтқан. Сол кездері қарапайым халық нарықтың не екенін онша ұғына қойған жоқ. Жекешелендіруді – тонау, оңтайландыруды – қанау деп түсініп, алғашында біраз аңтарылып қалғанымыз есімізде. Үлкен реформаға елдің санасын бейімдеу үшін, жаңа бағытқа бет алғанымызды Елбасы сырласу түрінде жеткізді сөйтіп.
«Кейінгі кезде өзінің «про-летарлық» тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен «ақсүйектік» қасиет іздеп табу етек алды. ондай біздің тұқымда болған емес. Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін», – деп қарапайым оқырманды ашық сырласуға шақырған. Жинақ тоғыз тараудан, 290 беттен тұрады. «Қара нанның дәмі», «Алғашқы тәлімгерлер», «Ыстық стаж» тарауларында өзінің балалық шақтан қызмет баспалдағына дейінгі көрген-білгені, өмірлік тәжірибесі жазылса, қалған бөлімдерінде саяси тұлғалар, экономикалық өзгерістер жөнінде түйгенін баяндаған. Шекспирдің «Бола ма, бордай тоза ма?» деген сұрағына: «…Несі бар, әлдебіреулер бұған дейін әлдеқашан төзуге болмайтын әрі еліміздің дамуына тежеу болып отырған құбылыстарға бас шұлғып, шыдай беру негізінде күш-жігерді біріктіруге болады деп санаса, онда менің жолым шынында да олармен бір бола алмайды. Өйткені әміршілдік-әкімшілдік өктемдікке негіз-делген «бірліктің» бағасы қандай екендігі мейлінше белгілі болған. Ал менің ойымша, біз әуелі өзімізді жікке бөліп отырған нәрселерден арыла алған жағ-дайда ғана бірлесіп, топтаса аламыз», – деп жауап береді.

Осы кітаптағы ойларды «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» («Дә-уір», 1992) толықтыра түсті. «Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз асқақ армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық мүдде, бір сәттік жеке бастың материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтіп соның салдарынан қоғамдық азғындау басталады. Бүгінде әркімге біздің қозғалысымыздың бағы-тын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты тұжырымдамасы, міне, соңдықтан да қажет». Болашаққа бастар бағдарламаны екі тілде (қазақ, орыс тілдерінде) елге ұсынған жинақта кез келген адамды ойға жетелер осындай пікірлер бар.

Ұлттық санаға серпіліс

Қазақстан президентінің әр жылдардағы мемлекеттік мерейтойларда сөйлеген сөздері мен баяндамалары да кітап болып басылған еді. Мысалы, ел тәуелсіздігінің бес және он жылдығына арналған «Тарих тағылымдары және қазіргі Қазақстан», «Жүз жылға татитын он жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясы. 10 жыл», «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы – тарихи зерде, ұлттық татулық жә-не демократиялық реформалар» сынды жинақтарды кітапхана сөрелерінен кездестіре аласыз. Бұлардың барлығында бүгінгі бас-ты ұстаным – бірлігімізді үнемі есте ұстау керектігін жазады.

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы жылында «Тарих толқы-нында» («Атамұра», 1999) деген еңбегі оқырмандармен қауышты. Араға төрт жыл салып, кітап қайта басылды. Аты айтып тұрғандай, автор өткеннің өнегесінен ой сабақтап, ендігі міндет рухани қазыналарымызды жаңғырту, зерттеу екенін көрсе-тіп берді. Сегіз бөлім бойы автор елдіктің сынын салмақтап, сырын ақтарады. «Ұлттың болашағына, оның өзіндік «МЕН» дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктеріне се-німмен қарау – жай әншейін қиялдың жемісі емес. Мұндай сенімнің бізде орнықты негізі бар», – деп сөз соңын былайша қорытындылайды: «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы – тарихтың толқынында өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр… Бірақ бұл мүмкіндік қана; ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет. Ал осы міндет біздің алдымызға тек қана, бір ғана ұлы мүмкіндік түрінде емес, қатал қажеттілік түрінде де қойылып отыр. Оны шешсек, біз тарихтың өзімізге шақталған мезгіліне сәйкес боламыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында босқа қарманып жүрмейміз».

Елбасы осылайша сең қозғап, «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асқан еді. Ғалымдарды әр елдерге жіберіп, шежіремізге қатысты деректерді жинадық. Мыңдаған мағлұматтар ғылыми айналымға енгізілді десек артық емес. Ұлттық сананы оятуға осындай қадамдар себепші болып жатқаны ақиқат.

Селкеусіз сенім және сарабдал сана

Мемлекет құрудың алғы-шарттары жасалды: реформалар қолға алынып, халыққа түсіндірілді; рухты ояту, бірлікті сақтау сияқты идеологиялық бағыттар қалыптастырылды. Енді бағытымыздың дұрыстығын дәлелдеу, елдің ертеңге деген сенімін нығайту қажет болды. Сөйтіп, «Сындарлы он жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік белестері» және «Қазақстан жолы» тәрізді бірқатар етжеңді дүниелері өмірге келді.
«Сындарлы он жыл» (Атамұра, 2003) кітабында республикамыздың ішкі және сыртқы саясаты, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық саласында кейінгі он жылда әлемде және елімізде орын алған жағдайлар мен өзгерістер сөз етілген. Сондай-ақ жаһандану заманында бізге не істеу керек деген сауалға жауап іздейді: «Жаһанданудың желмаясы жүйткіп келеді, ендігі мәселе желмая-поездың қайда бара жатқанында емес, мәселе бүкіл адамзат дамуының стратегиялық векторын соның анықтайтынын-да болып отыр. Түптеп келгенде, әлдекімдерге ұнай ма немесе ұнамай ма, қалайда «қаздар легінің» қақ маңдайында әлемдік өркениет пен прогрестің жақсы-жайсаңдары қасқая тартып барады. Осынау қаздар легіне жерден көз тігіп, аспан туралы қиялға берілуге болады, сонымен бірге сол лектің қанатына ілесіп, тым болмаса, оның шеруіне сүйсініп, барар жерін бажайлауға болады. Әркім өз дамуының векторын өзі өлшеп-пішеді, алайда алда озып бара жатқанның эталондық стандартын үлгі тұту тым парықсыз-дық та байыпсыздық болар еді…».
Отанымыздың жиырма жыл-дағы аса күрделі әрі жарқын сәттерін баяндайтын «Қазақстан жолы» («Жібек Жолы», 2012) кітабы. Тоғыз тараулы еңбек дербес жас мемлекеттің қалыптасу барысында 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жасауы, қазіргі қолданыстағы Ата Заңды қабылдауы, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру жөнінде мағлұматтарды қамтыған. Кейбір бөлімдерінде жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі, елорданы Астанаға көшіру, Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы жайында айтылған әңгімелері де бар. Кітапты Президенттің жастарға үндеуі деп қабылдасақ та негізді. Жинақ екі мың дана таралыммен еліміздің кітапханаларына үлестірілді. «Тәуелсіздік белестері» («Жібек Жолы», 2012). Бұл еңбек 14 тараудан, 344 беттен тұрады.

Автор егемен ел атанғалы жеткен жетістіктеріміз туралы ғана емес, санамыздың өсуі, заман ырғағына бейімделу жөнінде тебіренеді. «Біз қарапайым, алайда сөзсіз бір ақиқатты түсінуге тиіспіз – бүгінгі дүниеде біздің бәріміз өзара тәуелдіміз. Бұл өзара тәуелділік кез келген жәйт пен тербелісті сезінетін шетін де сезімтал тетік болып табылады. Біздің ортақ үйіміз бұл тек қана біздің еліміз емес, сонымен бірге біздің бүкіл Жеріміз екені маңызды. Біздің бәріміз де өзіміздің балаларымыз, немерелеріміз бен шөберелеріміз бейбіт жағдайда, салауатты ортада, басқа халықтармен және конфессиялармен келісімде, соғыс пен жоқтықты білместен өмір сүруін қалаймыз. Біздің қызметіміз, біздің дұғамыз бен жанашыр-лығымыз планетаның отты нүктелерінде, түрлі жанжалдар аймағындағы миллиондаған адам-дардың қасіреті тыйылатын жарқын уақытты жақындатуға жәрдемдеседі деп үміттенемін». Елбасы Қазақстанның әр азаматы өзін өркениетті елдің азаматы деп сезінуін, түсінуін қалай-тынын осылай аңғартыпты.

Осы кітаптардан бөлек, Нұр-сұлтан Назарбаевтың «Ғасыр-лар тоғысында», «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы – тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар», «Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзек-жарды ойлар», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Қазақстан-Ресей қатынас-тары», «Қалың елім, қазағым», «Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы – жаңарған Қазақстанға» және тағы да басқа еңбектері жарыққа шықты.

Аслан ҚАНҒОЖИН

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here