Білім беру саласы назарда

Білім беру саласы назарда

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы 10 басымдықтан тұрады. Бұл елдің одан әрі өркендеп, тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін шешілуі тиіс міндеттер. Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі жастар болып табылады. Жастардың тәлім-тәрбие мен ғылымға баса мән беріп, жаңаша бағытта біліммен мықтап қарулануы – білім беру саласына оң нәтиже бермек.

Білім беру саласы елбасымыздың қай жолдауында болсын,назардан тыс қалып көрген жоқ. Биылғы Жолдауда да білім саласын қамтитын төртінші басымдылыққа айрықша мән берілді. Төртінші басымдық адами капитал сапасын жақсарту ісін оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.

Білім саласына қазіргі заман талаптары тұрғысында өзгеріс-жаңалықтар енгізілуде. Жолдауда сонымен қатар, IT-білімге де көңіл бөлу керектігі, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі, қазақ тілі басымдығы сақталатыны туралы айтылған. Жастарға берілетін тәрбие мен білімді технологиямен ұштастыру мақсатында міндеттер жүктеді. Бұл бағытта әлемдік тәжірибені қолдануымыз қажет. Көптен бері айтылып келе жатқан 2025 жылға қарай латын әліпбиіне көшу мәселесі Елбасы тапсырмасымен жүзеге асырылмақ. Жолдауда мектеп түлектеріне тегін кәсіби-техникалық білім беру туралы нақты мақсат қойылғаны белгілі. Сол себепті жастарды өнеркәсіптің әр саласында нақты сұранысқа ие мамандықтарға бағыттап, оқытып шығаруға баса көңіл бөлінуі тиіс. Сонда олар өмірге біртабан жақын, бәсекеге қабілетті болып, еліміздің жан-жақты дамуына сүбелі үлес қоса алады.

2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқыту ағылшын тіліне көшіріледі. Оқушылар ағылшын тілін өмірдің кез келген саласында сауатты түрде пайдалануға үйренеді. Осы мақсатта Қостанай ауданының жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдері түрлі тілдік курстардан өтіп, білім алуда. Қазіргі таңда мұғалімдердің 30 пайызы арнайы тілдік курстан өтті.

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауы мұғалімдердің көңілдерін көтеріп, болашаққа деген сенімдерін бекіте түсті. Сондай-ақ ұстаздардың жалақысын төлеудің жүйесі жаңартылып,50 пайызға көтеру мәселесі де айтылды.Үкіметке келер жылдың 1-ші шілдесінен кешікпей азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа моделін енгізуді жүктеді. Ол кезде ұстаздардың айлығы бірден 29 пайызға өседі.Жолдауда ұстаздар еңбегін қолдауға ерекше көңіл бөлінгені ұстаздар қауымын қуантып отыр. Бұл – мұғалім мәртебесі мен еңбегіне деген құрмет. Мұғалімдер үшін оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарының жаңа кестесі де енгізілмек.Орта білім беру саласы жаңартылған мазмұнға көшіп, білім берудің өзіндік озық жүйесін қалыптастыруда. Сондықтан бүгінгі таңда әр ұстаздың жаңашылдықпен еңбек етіп, қоғам көшінен қалып қоймауы аса маңызды. Жаңартылған мазмұнмен жұмыс жасайтын мұғалімдер жалақысы 30 пайызға көбеймек. Себебі, жаңартылған білім беру бағдарламаларымен жұмыс жасайтын мұғалімнен үздіксіз ізденіс пен шығармашылық талап етіледі. Орта білім мазмұнын жаңарту іске асқанымен, оқу орындарының дайындайтын мамандарының бұл бағдарламамен жұмыс жасай білуі өте маңызды. Аудан мұғалімдерінің 50 пайызы жаңартылған білім беру құрылымымен танысып, бағдарламаны іске асыру үшін қажетті дағдыларды игерді.Биылғы оқу жылында да мұғалімдер жаңартылған білім беру аясында оқытудың машығын меңгеруге дайын.

Елбасының 2050 жылға ауқымды жоспарлар белгілеп, ол үшін басты-басты бағыттарды айқындап беруі – қазақстандықтардың бақытты болашағының кепілі Жолдау еліміздің жаңаша дамуына жол ашады деген сенімдемін.

Райхан НАРЫНҚЫЗЫ,
аудандық білім бөлімі әдіскері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!