Тұлғаның туған жеріндегі той

0
17

1 материал IMG_3206Жиырмасыншы ғасырда қазақ әдебиетіне төңкеріс әкелген жазушы Бейімбет Майлиннің 120 жылдығы туған жері Таран ауданында аталып өтілді. Аталған шара аясында өткен ақындар айтысында жерлесіміз Салтанат Өтелбаева екінші жүлдені иеленді.

Би-ағаңның кіндік қаны тамған Ақтөбе ауылында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, жарыс-бәйгелер ашық аспан астында өткізілді. Торқалы тойға ат терлетіп келген тұлғаның ұрпақтары мен жақын-жуықтары, ақын-жазушылар мен әр аймақтан келген сыйлы қонақтарды Таран ауданы әкімі Бақбер-ген Өтеулин құрметпен қарсы алды.

– Кешегі жылдары мінәйі себептермен өтпей қалған Бейімбеттей алаш әдебиеті арысының осы тойын көптен күткен едік. Енді соның сәті бүгін туды. Бұл той тек қана Би-ағаңның тойы емес, ынтымақтағы елдің, шын-пейілді жанашырларымыздың, жалпы халықтың тойы, ағайын! – деді әкім.

Таран жеріне «Бейімбет Майлин атындағы қордың» президенті Салтанат Мұстафина да барыпты. Ол жазушының шөбересі екен. Атасының атындағы қорды басқарып отырған Салтанат та, осы қордың директоры Жұмабек Табын да сөз сөйлеп, қор қызметінің жай-жапсарын баяндады. Ресми сөз сөйлеулерден кейін той көрігі түрлі жарыстармен қыза түсті.

Ат бәйгесі, қазақ күресі сайыстарын қызыға тамашалаған халық күннің ыстығына қарамай, айтыс пен мүшәйраны да жібермеді. Барлығы жиырмаға жуық сөз майталманы сынға түскен дода тартысқа толы болды. Мүшәйрада бірінші орынды Нұрқанат Құлабаев иеленсе, Абылай Мауданов екінші, Бауыржан Бөгенбаев үшінші жүлдегер атанды. Айтыстың бас жүлдесі 150 мың теңгені Таран ауданының ақыны Мамай Ізтелеу қанжығасына басты. Бірінші орынды жанкелдиндік Байбатыр Ахметбеков алса, кейінгі орындармен Қостанай ауданынан келген Салтанат Өтелбаева мен арқалықтық Бағила Балмашева марапатталды. «Бейімбет Майлин» атындағы арнайы сыйлықты Рудный қаласынан келген Жақсылық Ыбырай алды. Қатысушы ақындарға да ақшалай сыйлықтар таратылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here